• Назар салыңыз! 16.08.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (экономист және қаржыгер, 2000); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (бакалавр-заңгер, 2004); Мәскеу қ., М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ("Master of Business Administration" іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі,2017).

Мемлекеттік қызметте тәжірибесі (24 жыл), оның ішінде басшылық лауазымдарда 15 жыл:

-        1995 жылдан 2005 жылға дейін-Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;

-        2005-2006 жылдары-Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

-        2006-2008 жылдары-Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

-        2008-2010 жылдары-Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;

-        2010-2012 жылдары-Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы:

-        2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;

-        2014 жылдан 2016 жылға дейін-Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

-        2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды (экономика және қаржы бойынша).

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:

Төс белгілер: "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі (2014).

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

 

 

Тамыз, 2019

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
   
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31