• Назар салыңыз! 18.09.2020 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • 2020 жылғы 25 мамырдан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Ғабит Әбдімұталіпұлы Лесбеков

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары. 

Ғабит Әбдімұталіпұлы Лесбеков 1975 жылдың 4 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Білімі жоғары:

1996·ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (мамандығы «Экономика және менеджмент»).

1998 ж. – Экономика және құқық институты (магистратура, мамандығы «Макро-микроэкономика және математикалық әдістер»).

2002-2004·жж. – дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері.

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

2002 ж. – экономикалық ғылымдар кандидаты, «Қазақстан Республикасының салық салу жүйесін эконометрикалық модельдеу» тақырыбындағы диссертация.

50-ден астам жарияланған ғылыми еңбек, мақала, оқу құралдарының авторы, 10-нан астам біліктілікті арттыру курстарынан, семинарынан өтті. 

Еңбек қызметі:

1998-2000 жж. – Алматы технология және бизнес университетінің аға оқытушысы.

2003-2006 жж. – Экономика және құқық академиясының «Қаржы және несие» кафедрасының меңгерушісі, «Саламат - А» ЖШС қаржы директоры, экономика және бизнес факультеті деканының орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ «Қаржы» кафедрасының доценті.

2007 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Қазақстандық депозиттерді кепілдеу қоры» АҚ-да проблемалық банктермен жұмыс бөлімінің жетекші, бас маманы, бөлімшелердің тәлімгері.

2007-2009 жж. – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ корпоративтік дамыту департаменті директорының орынбасары – ақпараттық-талдау басқармасының басшысы.

2009-2017 жж. – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директор – корпоративтік дамыту департаменті директорының орынбасары, басқарушы директор – Басқарма мүшесі (бірінші басшысының орынбасары).

2018 жылдан 2019 жылғы қарашаға дейін  – «Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жобаларының сараптама орталығы» ЖШС директоры, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

2019 жылғы 14 қарашадан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Құрметті пайдаланушылар!

2020 жылғы 21 тамыздың сағат 18:30-дан бастап 24 тамыздың сағат 20:00-ге дейін үздіксіз қуат көзін ауыстыру бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «ҚР ҚМК БАТЖ» серверлік жабдығы (ҚОДЖ ішкі жүйесі) мен желілік жабдығының жұмысы тоқтатылады.

Жұмыстарды өткізу кезінде қаржы мониторингі субъектілеріне арналған қаржы операциялары туралы деректерді жинақтау сервистері, жергілікті торап, Интернет, ақпараттық жүйелер (IPGO, ЕСЭДО, Documentolog, корпоративтік пошта) қолжетімсіз болады.

Орналастырылды: 21.08.2020 (18:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!