• Назар салыңыз! 13.12.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер","Алынып тасталынғандар" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі-Комитет) каржы мониторингі субъектілері үшін 2019 жылғы 6 тамыздағы Комитеттің kfm.gov.kz сайтында, «ҚМС, Қылмыстық істерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологиясы, схемалары мен тәсілдері көмегінде» деген бөлімінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөнінде ақпарат орналастырылғанын хабарлайды.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс (СО категориясы) 28.05.209 ж.

«Б» корпусының бос әкімшілікмемлекеттіклауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс (СО категориясы)

 

   «Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті» РММ (индексі 020000 , Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі 21, кабинеті 7, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2) 25-14-52, электрондық мекенжайы: o.shakimov@kgd.gov.kzҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға (СО санаты) ішкі конкурс жариялайды:

              1. Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті   әкімшілік бөлімінің басшысы, санаты  «С-О-4», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 109 898 теңгеден 148 300 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:  Департаментті жоғары білікті мемлекеттік қызметкерлермен жиынтықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тұрақты ұжымды қалыптастыру, оның сапалы құрамын тұрақты түрде жақсартып отыру және аталған сұрақ бойынша аумақтық органдарға жәрдем көрсету. Департаменттің құрамын жетілдіру бойынша ұсыныстар өніміне қатысу. Өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге ат салысу. Бөлім қызметінің жұмысын жоспарлауға және жалпы басшылық жасауға, Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттік тобын айқындау; басшылдықтың тапсырмаларын сапалы орындауды ұйымдастыру; Бөлімнің құзыретіне енетін сұрақтар бойынша ұсыныстарды бөлімнің қарауына ұсыну; Бөлімнің жұмысын оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру; Бөлім  жұмыскерлерінің қызметтеріне әдістемелік басшылық жасау; Бөлімге келіп түскен құжаттамаларды жедел түрде қарастыруды қамтамасыз ету; Департамент басшылығымен өткізілетін жиналыстарға қатысу.    Кадрлық құрамға талдау жүргізу, кадрларға қажеттілікті жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандарға қажеттілік туындауға байланысты шататтық кестеге өзгертулер енгізу туралы ұсыныстарды басышылыққа дайындау, қажеттілік туындаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге, Департаменттің лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Департамент қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстар өткізу. Департамент органының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз істерді және лауазымдық заң бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлықты тоқтату және алдын-алу, анықтау, қызметтік тергеу жүргізу. Қорларды тиімді пайдалану бойынша және басқарушылық шешімдерді қабылдау бойынша ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлерімен ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс Кодексінің нормалларын, еңбек тәртібін және ішкі тәртіпті сақтауларына бақылау жасау.  Департамент қызметкерлерінің әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша қызметтік тергеу және тексеру жүргізуге. Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарау.        

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе білім немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар саласында "Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.    

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

          1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

          2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

          3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

          4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

          5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

          6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

          7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

          8) ғылыми дәрежесінің болуы;

        Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

  Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің әкімшілік бөліміне жүгіну қажет.

Тіркелу үшін тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Ереженің 54-тармағына сәйкес басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім..

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Құжаттар уәкілетті органның және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің сайтында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (ә                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      ңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

Ақмола облысы бойынша

 Экономикалық тергеу департаменті

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________­­­­­___________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

босмемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуконкурсынақатысуғаберуіңіздісұраймын. «Б» корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларыныңнегізгіталаптарыментаныстым, оларменкелісемінжәнеорындауғаміндеттемеаламын. Ұсынылыпотырғанқұжаттарымныңдәйектілігінежауапберемін.

Қосаберілгенқұжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

_ _____________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі
Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Жәрдемшілік

Егер сіз Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңының бұзушылықтар фактілері туралы ақпаратқа ие болсаңыз, мынадай телефонға қоңырау шалыңыз: + 7 (71 72) 74 - 92 - 24 

Заңнама ҚКЗ/ТҚ саласында кеңес алу:

+7 (7172) 74-97-49, 74-97-39, 74-92-26

Қаржы операциялары туралы деректер жинау жүйесінің жұмысына қатысты техникалық қателіктер туралы (ҚМС АЖО, ҚМС WEB):

+7 (7172) 74-97-48

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің Мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабының бұзушылығы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін сенім телефоны:

+7 (7172)  32 21 48

Жәрдем үшін алғыс білдіреміз!