20 қаңтар, 2021 Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы |
Мобильді нұсқа
![]() |
Қаржы мониторингі субъектілеріне көмек
Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдар мақсатында ақша операциясын өткізуге қатысатын ұйымдар ҚР ҚМ ҚМК қаржы мониторингіне жататын ақшамен немесе өзге мүлікпен күдікті операциялар туралы уақытылы ақпараттандыруға міндетті.
Қаржы мониторингі Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы«Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.
- Қаржы мониторингінің субъектісі болып табылатын ұйымдар
- Қаржы мониторингіне жататын ақшалай (немесе) және басқа дүниеге қатысты операциялар.
Күдікті қаржы операциялар туралы хабарламалар хабарламаларды қалыптастыру ережесіне сәйкес жасалады.
Қаржы мониторингі субъектілерінен ақпаратты алу процесін автоматтандыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің бірыңғай ақпараттық талдамалы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Қаржы операциялары туралы мәліметтерді жинау жүйесі (ҚОМЖЖ) құрылған.