28 қаңтар, 2021 Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы |
Мобильді нұсқа
![]() |
"Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында дайындау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 13.11.2020 жылғы № 1000 бұйрығы бойынша қаржы мониторингі субъектілеріне арналған жадынама.
4 тармақ.
Субъектілер Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ субъектілер мен олардың клиенттері қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасын (бұдан әрі – оқыту бағдарламасы) әзірлейді.
6 тармақ.
Субъектілер Талаптардың 4 және 5 тармақтарына сәйкес әзірленген оқыту бағдарламасына сәйкес КЖ/ТҚҚ мақсатында оқудан өтеді.
3 тармақ.
Тестілеу субъектілердің оқу процессінде зерделенген материалды зерделеуді растау мақсатында субъектілер тестілеуден өткен күннен бастап 3 (үш) жылда 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен Орталық пен оның аумақтық бөлімшелерінің базасында тестілеуден өтеді.
7 тармақ.
Субъектінің басшысы КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыруды бастағанға дейін КЖ/ТҚҚ мақсатында оқудан өтетін жауапты тұлғалардың тізбесін бекітеді.
8 тармақ.
Субъектілерді оқытуды 8-тармақтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалар жүргізеді (оның ішінде субъектілер өз бетінше оқи алады, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектісінің жұмыс істейтін қызметкері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде оқытуды жүргізе алады)
9 тармақ.
Субъектілер КЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту мақсатында уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында "ҚМС көмек" бөлімінің "Қаржы мониторингі субъектілерін даярлау және оқыту" кіші бөлімінде орналастырылған ақпаратты пайдаланады.
10 тармақ.
Субъект өз қызметкерлерінің оқыту бағдарламасынан өту есебін жүргізеді.
11 тармақ.
Субъект қызметкерлерінің оқыту бағдарламасынан өтуін есепке алу тәртібін субъект дербес белгілейді.
12 тармақ.
Субъектінің қызметкерімен оқыту жүргізу және КЖ/ТҚҚ саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ішкі бақылауды ұйымдастыру мақсатында қабылданған субъектілердің ішкі құжаттарымен танысу фактісі оның нысаны мен мазмұнын субъект дербес белгілейтін құжатта өз қолымен расталады.
Субъекті қызметкерінің оқу бағдарламасынан өткенін растайтын құжаттар қызметкердің жеке ісіне тігіледі.
13 тармақ.
Субъектінің тестілеуден өтуі "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы беретін құжатпен расталады.
15 тармақ.
Субъектілер тестілеуден өткені туралы ақпаратты уәкілетті органның веб-порталында орналасқан субъектінің жеке кабинетінде орналастырады.