• Назар салыңыз! 15.03.2019 ж. Терроризм және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін "Әрекеттегілер" және "Енгізілгендер" бөлімiнен таба аласыздар.
  • Назар аударыңыз! 27.02.2018 ж. терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалар тізімдерін автоматтандыру үшін XML және XLS пішімдері қол жетімді
  • 2017 жылғы 2 қарашадан «Ресей Федерациясының қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметінің санкциондық тізімі»
  • Құрметті қаржы мониторинг субъектілері, АЖ/ТҚҚ сұрақтары бойынша кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-97-52; техникалық сұрақтар бойынша: +7 (7172) 74-97-48. Көрсетілген қызмет сапасын талдау мақсатында, Сіздің қоңырау шалуыңыз жазылады.

Сұрақ-жауап

Иә,Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының 4-бабы 2-тармағының 18- тармақшасына сәйкес.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары тізбесі»Қаржы мониторингі комитетісайтының«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі»бөлігінде орналасқан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы «Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы»№ 1219 қаулысына сәйкес өзге де құндылықтар болып табылатындар: бағалы заттар, антиквариат және ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар басқа да заттар.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының 4-бабы 2-тармағының 21- тармақшасындағы «өзге де құндылықтар» деген ұғымбағалы заттар, антиквариат және ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар басқа да заттарды білдіреді.

ФАТФ 2016 жылғы 19 ақпандағы ашық жариялауына сәйкес, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жүйелеріндегі стратегиялық кемшіліктері бар юрисдикциялар тізбесін белгіледі және олармен халықаралық қаржы жүйесіне қауіп-қатер төндіретін осы кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізеді.

Иранға қатысты  ФАТФ мүше мемлекеттерді және басқа юрисдикцияларды халықаралық қаржы жүйесін сақталып отырған ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру саласында айтарлықтай қауіп-қатерден қорғау мақсатында контршаралар қолдануға шақырады.

ФАТФ-тың көпшілікке арналған мәлімдемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің  (http://www.kfm.gov.kz/ru/international-documents/fatf-documents/)ресми сайтында орналастырылған.

Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының (бұдан ары – Заң) 4-бабы4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып, Заңның 5-бабына сәйкес операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.

Ішкі бақылау ережесінің талаптарына сәйкес, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес мақсатында (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) клиенттерімен мәміле жасасатын және іскерлік қатынаста болатын қаржы мониторингі субъектілеріне қауіп-қатердің жоғары деңгейі беріледі.

Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының 4-бабында көрсетілген, ақшамен және (немесе) басқа да мүлік туралы операциялар ақпарат пен мәліметтерді жолдауға міндетті.

Мақұлдау туралы хабарлама құрылғанымен, Vido бағдарламалық жасақтамасы арқылы жіберілмеді, себебі пайдаланушы ФАСТИ идентификаторды көрсетпеді. Өзіңіздің ФАСТИ кілтіңізді нақтылауыңызды сұраймыз, содан кейін Сізді Қаржы мониторингі комитетінің автоматты жіберіліміне енгізеді.

 

 

Қаржы мониторнгі комитетінің құзыретіне VIDO бағдарламалық жасақтамасы бойынша кеңес беру кірмейді.

Дерекқорды жаңартқан кезде шығатын қателерге байланысты хабарлайтынымыз, қатенің сипатына сәйкес, ол базада «sfm.database-update.2015-06-25» объектісінің болуынан туындады. Оны шешу үшін db updates history кестесінде келесі объектілердің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз:

prompt Executing 'sfm.database-update.2015-03-26.NewDictionaries.sql'

@@sfm.data base-update.2015-03-26.NewDictionaries.sql

prompt Executing 'sfm.database-update.2015-03-27.SLC_FM1_5.0.sql'

@@sfm.database-update.2015-03-27.SLC_FM1_5.0.sql

prompt Executing 'sfm.database-update.2015-04-07.NewDopInfoVersion_2.0.sql'

@@sfm.database-update.2015-04-07.NewDopInfoVersion_2.0.sql

prompt Executing 'sfm.database-update.2015-04-08.NewRegRequestVersion_3.0.sql'

@@sfm.database-update.2015-04-08.NewRegRequestVersion_3.0.sql

prompt Executing 'sfm.database-update.2015-05-06.NewDataType_V_NUMBER.sql'

@@sfm.database-update.2015-05-06.NewDataType_V_NUMBER.sql

promptExecuting'sfm.database-update.2015-06-25.LongerSenderAndReceiverColumns. sql'

@@sfm.database-update.2015-06-25.LongerSenderAndReceiverColumns.sql

Егер бар болса, database- upgrades-exec.sql файлынан аталған объектілерді алып тастап, қайтадан іске қосу қажет.

Сіздің хатыңызда көрсетілген АРМ СФМ кіші жүйесінде қателерді анықтауға тәжірибе жасалынды. АРМ СФМ кіші жүйесінде Сіздің хабарламаңызға толықтай сәйкес келетін жаңа хабарлама жасалды. Хабарлама валидациясы қатесіз өтіп, жауапты тұлға рөлі бар пайдаланушыға сәтті табыс етілді. Сонымен қатар «Құжатты кім берді» 4.17 деректемесінің мәні IMP_MEMBERS кестесінде MEMBER_AC_DOC_WHOM атрибутына сәтті берілді.

Сіз ұсынған логтан байқағанымыз, Сіздің жүктейтін ФМ-1 СЛК тексерісінің бір бөлігі сәтті өтеді (мысалы, 2015-07-28 20:21:55,254 логының уақытша таңбасы), ал PKG_IMPORT (егер сіз оны ақпаратты өзіңіздің ИС-ден АРМ:СФМ-ге жүктеу үшін пайдалансаңыз) оны пакетінің операцияларға қатысушылар туралы деректер импорты қызметінде жіберілетін деректердің (4.17 деректемесінің мәніне сәйкес келетін) болмауы себебінен сіз көрсеткен қателік туындайды.

Хатыңызда көрсетілген қатенің пайда болу себебі жүйеңіздің деректерін жүктеудің ақырына дейін аяқталмаған қызметі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін барлық атрибуттарға деректерді жүктеу қызметін тексеріп, PKG_IMPORT пакетін пайдаланып, мұқият талдауды жүргізуді ұсынамыз.

Қаржы мониторингі субъектісі ақпараттық жүйесінің жергілікті мәселелерін шешу Қаржы мониторингі комитетінің құзыретіне кірмейді.

АРМ СФМ жұмыс істеуі үшін қаржы мониторингі субъектілерінің компьютерлерінде Microsoft NET Framework орнатылуы тиіс. Жаңартуларды мына сілтемеден табуға болады http://support.microsoft.com/kb/2468871.

Қаржы мониторингі субъектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1484 қаулысына сәйкес қаржы операциялары жайлы хабарламаларды Қаржы мониторингі комитетіне жіберулері тиіс.

Егер АРМ СФМ Қаржы мониторингі комитетінің ресми ғаламтор-ресурсында орналасқан көлемде қаржы мониторингі субъектісінің талаптарына жауап бермесе, онда қаржы мониторингі субъектісі өзі әзірлеген бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға құқығы бар.

Сондай-ақ 2015 жылдың 1 шілдесінен кейін қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы операциялары жайлы хабарламаларды ФМ-1 нысанының 4 және 5 нұсқалары бойынша жіберу мүмкіндігі болғанын атап өткіміз келіп отыр.

 

Қаржы министрінің үндеуі

Құрметті сайтты пайдаланушылар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің сайтына енгендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Толығымен оқу

Хабарлама

Қаржы мониторингі субъектілеріне ақпараттық хабарлама

2018 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды. Қаулы осы жылдың 8 ақпанында қолданысқа енгізіледі. Осы қаулымен http://10.61.43.123/kaz/docs/P1800000929 сілтемесі арқылы таныса аласыз.

Орналастырылды: 04.02.2019 (12:05)

Назар аударыңыз, Терроризмді және экстремизсді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің жабық 

бөлігіне құпия сөзді қалпына келтіру мәселелері бойынша қызу желі телефоны: +7 778 586 22 40

Орналастырылды: 22.06.2017 (16:02)

WEB СФМ жүйесінде тіркелу бойынша қадамдық нұсқау

Жеке тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Заңды тұлғалар үшін WEB СФМ жүйесіне қалай тіркелуге болады

Орналастырылды: 19.09.2018 (11:10)

Қаржы мониторингі субъектілеріне

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары әзірленіп жатыр.
Осыған байланысты қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстарын Комитетке ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін  b.nurushev@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға жіберуді сұрайды.

Орналастырылды: 28.07.2018 (12:15)

 

 

Наурыз, 2019

 
ДсСсСрБсЖмСбЖб
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31